ДҰҒАҢЫЗ ҚАБЫЛ БОЛМАЙ ЖҮР МЕ? Бірде бір кісі Пайғамбарымыздың (ﷺ) «Пенде күнәға немесе туыстарымен қарым-қатынасын үзуге байланысты дұға етпесе, асықпаған жағдайда, оның (дұғасына) әрдайым жауап беріледі», – дегенін естіп: «Уа, Алла Елшісі! Асығу деген не?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Пенденің «Мен дұға еттім, дұға еттім, бірақ дұғама жауап берілгенін көрген жоқпын», – деп айтуы. Сонда ол жалығып, дұға етуін тастап қояды», – деп жауап береді (Муслим). Ғалымдар мұндай адамның халін көктемде дән сеуіп, оның күтімін жасаған, суарған, алайда жемісін беретін уақытын күтпей тастап қойған шаруаға ұқсатқан. Шын ықыласпен әрі дұрыс жасалған дұға ешқашан жауапсыз қалмайды. «Алла Тағала саған дұға жасауға мүмкіндік берсе, демек жауап бергісі келгені» - деген ғалымдар. Сол себепті, мүмін Жаратушысының мейірімінен, жәрдемінен үміт үзбеуі тиіс. #тілектілеу #дұға

Теги:

Теги других блогов: